«Шипажай» форумы санаторийлік-курорттық саланың дамуына ықпал етеді – министр
Министр санаторийлік-курорттық емдеу халықтың денсаулығын қалыптастыруда профилактикалық бағыттағы, емдеу үдерісі мен медициналық оңалтудың маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысының Бурабай курорттық кентінде жыл сайынғы "Шипажай-2023" VIII Халықаралық ғылыми-практикалық форумының ашылуы өтті, ол өз алаңында санаторийлік-курорттық саладағы қазақстандық және халықаралық сарапшыларды, ғылыми-зерттеу институттарының, оңалту орталықтарының, санаторий мекемелерінің, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық жабдықтардың өндірушілерін біріктірді.
Форумға қатысушылар санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру, үздік практикаларды қолдану мәселелері бойынша тиімді диалог пен тәжірибе алмасуды көрсетеді, санаторийлік-курортттық саладағы ұйымдастырушылық, кадрлық, зияткерлік және ғылыми мәселелерді нәтижелі талқылайды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің құттықтау сөзінде санаторийлік-курорттық емдеу халықтың денсаулығын қалыптастыруда профилактикалық бағыттағы, емдеу үдерісі мен медициналық оңалтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл азаматтардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына әсер ететін көп қырлы іс-шаралар кешені.
Сондай-ақ, ведомство басшысы ресми ашылуы форум шеңберінде өткен ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ғылыми-әдістемелік орталық ретінде еліміздегі санаторийлік-курорттық саланы дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
ҒЗИ жұмысының нәтижелері табиғи ресурстардың емдік-профилактикалық қасиеттерін растаудың бірыңғай тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, Шипажай-2023 халықаралық ғылыми-практикалық форумы санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстарды талқылау үшін өзекті және перспективалық алаң болып табылады. Форум жоғары ғылыми деңгейде өтетініне және санаторийлік-курорттық саланың дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін, - деп қорытындылады Ажар Ғиният.