Әшімбаев сайлау науқанында Тоқаевтың президенттік өкілеттігі тоқтамайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатпайды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
"Президент өкілеттігін тоқтату бойынша, заңда мұндай талап жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің заңнамасына сәйкес Қазақстан президенті ретінде толық қызметін орындайды. Егер ол үгіт-насихат іс-шараларына қатыстатын болса, онда барлық іс-әрекеттер қатаң заңға сай жүргізілуі тиіс. Үгіт-насихат өтетін жер тиіс үлгіде әзірленіп, қоғамдық штаб пен сәйкес заңды тұлға арасында тиісті келісімшарт болуы тиіс. Барлығы заң негізінде қатаң жасалады", - деп айтты Әшімбаев ОСК-да өткен брифингте.Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Тоқаевтың үгіт-насихат штабында, оның сенімді өкілдері жұмыс істейтінін айтты. Республикалық қоғамдық штабты Мәулен Әшімбаевтың өзі басқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында "Айбалта-2019" әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы