Шілдеден бастап Пәкістанға әуе рейстері ашылады
Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиация билігімен бірлесіп және Қазақстанның Пәкістандағы Елшісінің көмегімен SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты рейс ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша 8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушы рейстерін орындауды бастайды.
Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу - елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қай өңірлерде өрт қаупі өршіп тұр?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы