Шілдеде "теңгеге" қатысты өзгеріс болады
Қазақстанда 1 шілдеден бастап Салық кодексіне бірқатар түзету енгізу жоспарланып отыр.
Қазақстанда Салық кодексіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Түзетулердің бірі ұлттық валютаның атауына қатысты. Құжат жобасына сәйкес, кодекс мәтініндегі «тенге» сөзі толықтай «теңге» сөзімен ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Салық кодексінің барлық баптарында қолданылып келген «тенге» атауы енді мемлекеттік тілдегі нұсқаға сәйкестендіріліп, «теңге» деп жазылады.
Сонымен қатар заң жобасында бірқатар терминологиялық және редакциялық түзетулер қарастырылған. Атап айтқанда, құжатта мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге байланысты бірқатар норма жаңартылады. Мәселен, кей баптарда кездесетін «Парламент» сөзі «Құрылтай» ұғымымен ауыстырылмақ. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Парламенті» атауының орнына «Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Халық Кеңесі» деген жаңа редакция енгізіледі.
Заң жобасы аясында Конституциялық сотқа қатысты жекелеген нормаларды алып тастау және кейбір терминдерді қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру де ұсынылған.
Түзетулер жаңа конституциялық модельге сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Бұған дейін Конституция күшіне енгеннен кейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі ресми түрде жұмысын бастауы тиіс екені хабарланған болатын.
Заң жобасына сәйкес, Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер де 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енбек.
- Астаналықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге 10 мың қадам жүрді 15:51
- Алматы әуежайында жолаушы түсірген таксистерге жаппай айыппұл салынып жатыр ма? Полиция жауап берді 15:43
- «Lotus Fest-2026»: Биыл фестивальге 10 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде 15:35
- Құрылтай сайлауы: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді 15:31
- Қазақстанда студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған 15:16
- Полиция қызметкерлерін тепкілеп, тас және таяқпен ұрған: Үш ер адам түрмеге қамалды 15:07
- Астанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен: Федерация мәлімдеме жасады 14:49