16 Тамыз 2025 2025, 07:40 Фото: pixabay.com

Шілдеде елімізде 170 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Шілдеде 169,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Шілдеде 169,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде

  • 153,5 мың жеңіл автокөлік,
  • 9,8 мың жүк автокөлігі,
  • 1,6 мың автобустар,
  • 5 мың бірлік мототранспорт бар.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 млн 629 мың бірлікті құрады, оның ішінде 86,7% – жеңіл автомобиль, 9,5% – жүк көлігі, 1,8% – автобус, 2% – мотокөлік.

Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 7,1%, дизель отынымен жүретін көліктердің үлесі – 7%, көліктердің жалпы санынан газ баллонды көліктердің үлесі 0,3% құрады, тағы 20 775 бірлік көлік электр қуатымен жүреді және жалпы автокөліктердің 0,3% құрайды, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар тіркелген көлік құралдарының жалпы санынан ең көп үлесті (37,5%) қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көліктер құрайды, қозғалтқышының көлемі 1500 текше см-ге дейінгілердің үлесі – 19,9%, қозғалтқышының көлемі 2000-ден 2500 текше см-ге дейін – 15,5%, қозғалтқышының көлемі 2500-ден 4000 текше см-ге дейінгі көлік үлесі – 13,7%, 4000 текше см-ден жоғарысы – 9,4%.

Қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көлік құралдарының ең көп саны Алматы облысында – 259,3 мың бірлік, Алматы - 248,9 мың бірлік және Астана қалаларында – 196,5 мың бірлік.