Шілде айында Қарағанды облысында 7 ірі өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов хабарлады.
Оның айтуынша, шілде айының өзінде ғана 796 өрт сөндірілген.
Аталған өрттің 120-сы орманда орын алған көрінеді. Өрттің орын алуына ауа температурасының нормадан асып кетуі себеп болып отыр дейді мамандар.
Ең ірі орман өрттері Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында орын алды. Салдарынан 2 адам қайтыс болды. 3-7 шілде және 25-27 шілде аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 7 ірі дала өрті тіркелді. Өрттің шарпу көлемі көлемі 46 мың гектардан асады, - деді Өртке қарсы қызмет комитет өкілі.Сондай-ақ өртке қарсы іс-шаралар шеңберінде 661 мобильді топ құрылыпты. Оған 3 мыңнан астам жұмылдырылған. Халықты орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы туралы ақпараттандыру үшін 36 мыңнан астам адамға нұсқаулар мен жиындар өткізілген.
Төтенше жағдай министрлігі өкілінің айтуынша, табиғи өрттердің пайда болуына сөндірілмеген темекі, жерошақ, шыны бөтелкелер, көлік құралының сөндіргішінен шыққан ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, жай түсу (найзағай) себеп болады.
Тамыз айында Қазгидрометтің болжауынша, ауа температурасы қалыпты болады деп болжануда. Ведомство басшысы азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарамауды өтінді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы