Шигео Катсу дамушы және дамыған елдердің шекараларын біріктіретін мәселелерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу «Астана клубының» алтыншы отырысында айтты.

Орталық банк, қаржы министрлері, климат белсенділері де әртүрлі пікірін білдірді. Олардың айтатын ортақ ойы: біз мүлдем кездеспеген сын-тегеуріндерге тап болып жатырмыз. Себебі бұл проблемалардың барлығы бір мезетте төнді. Адамның ақыл-ойы проблемаларды жеке-жеке қарастырады. Біз көп жағдайда оларды жүйелі түрде шешуге тырысамыз. Бұрын болжап көрмеген, бұрын ондай тәжірибе болмағандықтан біз көп қырлы құбылысқа қалай жауап бере алатынымызды ойлануымыз керек, - деді Катсу.
Оның айтуынша, пандемия әр елге әртүрлі әсер етті.
Вакцинацияның қолжетімді болуы да жеткіліксіз. Вакцинаны жеткізудің де мәселесі өзекті болып отыр. Дамушы мемлекеттерде вакциналарды әзірлеп, сақтау мәселесі де бар. Цифрландыру мен геосаяси қақтығыстар туралы айтқан кезде көбінесе, дамушы және дамыған елдер арасындағы айырмашылықты айтамыз. Алайда мұндай мәселеге келгенде дамушы және дамыған елдер арасындағы шекаралар көмескіленеді, - деді Шигео Катсу.
Айта кетейік, «Астана клуб» отырысы үш күнге созылады. Шараға 50 шетелдік сарапшы қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы