Шиеліде жаңа туған шақалақ Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" әуе кемесінің экипажы кезекті рет шұғыл медициналық көмек көрсетуге атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жазды.
Шиелі ауданынан Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді жедел жеткізу қажеттілігі туындады. Арнайы медициналық эвакуация барысында ұшқыштар кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Медициналық бригаданың мүшелері Назель Нұрғалиева мен Расұлбек Ахметов үйлесімді жұмыс істеп, сәбиді қауіпсіз әрі қысқа мерзім ішінде Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.
Ведомствоның мәліметінше, сәби дәрігерлердің бақылауына алынып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
ТЖМ атап өткендей, "Қазавиақұтқару" ұшқыштары төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсетуді тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Өзгелердің жаңалығы