Шиеліде 3 жыл бұрын жасалған қылмыс әшкере болды
Полиция үш жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2021 жылғы 21 ақпанда кешкі уақытта Қызылорда облысында бетперде киген белгісіз адам "Шымкент - Самара" тасжолындағы жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, кассир мен күзетшіні қару-жарақпен қорқытып, ақша ұрлап кеткен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдың қаңтар айында Шиелі ауданының 25 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен қолдан жасалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Ер адам қамауға алынды, - деді Қызылорда ОПД Криминалды полиция басқармасының бөлім бастығы Оразбек Таженов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы