Шибұтов: Сайлау жүйесі Nur Otan-нан өзге партиялардың барлығы үшін жақсы рөл ойнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «SAILAU TALKS – 2021» сараптамалық талқылау кезінде саясаттанушы Марат Шибұтов көптеген адам үшін күтпеген жағдай орын алғанын айтады.
Көптеген адам үшін күтпеген жағдай орын алғанын атап өткім келеді. Мәслихат деңгейінде пропорционалды сайлау жүйесі Nur Otan партиясынан өзге партиялардың барлығы үшін жақсы рөл ойнады. Бірақ, Nur Otan париясының Мәжіліске қарағанда, мәслихатта көп дауыс жинағанына қарамастан олардың саны артуда. Бізде бұрын 35 депутат Nur Otan-нан, 1 депутат «Ақ жол» партиясынан, 1 депутат «Ауыл» партиясынан болса, қазір 29 депутат Nur Otan-нан, 4-еуі «Ақ жол» партиясынан, 3-еуі Қазақстан Халық партиясынан, 3-еуі «Ауыл» партиясынан сайланды. Мәслихаттың 95 пайызы бұрын Nur Otan-нан болған болса, бұл қазір үлкен өзгеріске түсті, - деді ол.
Саясаттанушы бұл жағдайдың болашақта ауыл әкімдерін сайлау кезінде жақсы нәтиже беретініне сенімді.
«Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясының депутаттарының саны Мәжілісте 22-ден асады. Осындай қызықты өзгерістер орын алды. БАҚ үгіт-насихат жұмыстарында айтарлықтай рөл атқарды. Сонымен қатар, барлық партиялыр әлеуметтік желілер мен сыртқы жарнамалардың, кездесулерді көмегіне сүйенді, - деді ол.
Раушан Арманқызы