3 Ақпан 2026, 10:03 Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Шетелге заңсыз темір рудасын сатқандар анықталды

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

​Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. ​Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. ​Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.