5 Маусым 2022 2022, 12:46

Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны бақылау комиссиясы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады. Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды - делінген хабарламада.