Шетелге заңсыз кеткен ақшалар елімізге қандай зиянын тигізеді?

Шетелге капиталды заңсыз шығару мәселесі қоғамның бақылауында. Бұл туралы Сенатта өткен отырыста Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатта "Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді жүзеге асыру" тақырыбында дөңгелек үстеу өтті.

Капиталды елден тыс жерлерге заңсыз әкетудің теріс салдары өте көп. Бірінші - капиталдың көлеңкелі айналымына салынбауы. Соның салдарынан мемлекеттік бюджет толық толықтырылмайды. Капиталдың көлеңкелі айналымын анықтау және болдырмау мемлекет қазынасының кірісін едәуір арттыра алатын еді. Екіншіден, бүгінгі таңда қабылданған заңдар нәтижесінде заңдастырылған капиталды жасырудың да қажеті де жоқ. Себебі заңды капиталды отандық экономиканы өсуін ынталандырып, ел ішінде заңды түрде инвестициялауға болады. Бұл мемлекеттік қазынаға да, халықтың әл-ауқатына да оң әсер ететін еді, - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы