Шетелге саяхаттағанда ұрылардан қалай сақтануға болады
Reddit форумында саяхатшылар үшін алаяқтарға алданып қалмаудың бірнеше жолы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Алдымен кез келген бағалы затты киімнің ішкі қалтасына салып жүруге кеңес беріледі. Ал тәжірибелі саяхашылар кез келген жерде сенімді кейіп танытуға шақырады. Себебі алаяқтар сенімсіз, шарасыз күйдегі туристерді бірден байқайды. Арам ойын іске асырып, оңай олжасына айналдыруы да ғажап емес.
HobbitFoot лақап аты бар азамат «Өзімнің турист екенімді білдіртпейінше, алаяқтар маған назар аудармайтынын байқадым. Ол үшін сенімді жүріп, адамдардың көзіне тік қарау керек», - деп тақырыпқа қатысты пікірін білдірді.
Форумға қатысушылардың бірі шетелге демалуға барған азаматтарға адасып кеткенін білдірмеуге кеңес береді.
Егер бағытыңыздан жаңылып қалған болсаңыз сасқалақтамай жақын жердегі орындыққа жайғасыңыз. Немесе бір дәмханаға аялдаңыз. Жағдайды баяндап, жақындарыңызға қоңырау шалар кезде де сабырлы қалпыңыздан танбағаныңыз жөн, -деді ол.
Аударған: Назарке Өтеген