Шетелге заңсыз 150 млрд АҚШ доллары кетіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Желмая" жобасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков айтты.

Жолдауда депутат, судьялардың шетелде есепшоттары бар-жоқ екендігі туралы айтылды. Осы бойынша «Желмаяның» қонағы пікірін білдірді.

Елімізде олардың саны аз емес. Олар Қазақстаннан байлықты тасып үлгерген сияқты. Кететін байлық кетті. Мысалы Ұлттық банк жүргізетін бухгалтерлік есептің "Төлем баланс" деген есепшотында "қалып қойғандар мен қателер" есепшоты бар. Онда 1 жылдың ішінде кез келген мемлекетте қанша қаражат шетелге тасылғандығы, әкетілгендігі туралы ақпарат көрсетілген. Бұлар заңды ақшалар емес, қандай да бір операциялар арқылы шетелге ұрланатын ақшаларды көрсетіп отырады. Статистика бойынша елімізде соңғы 25 жылда шетелге заңсыз 150 млрд АҚШ доллары кетіп қалған. Бұл дегеніміз, Ұлттық қордың екеуін бізде жасауға болады деген сөз, - дейді Қайырбек Арыстанбеков.

Оның айтуынша, статистика комитетінің мәліметі бойынша елімізде 8,5 млн жұмыс күші бар. Оның ішінде өзін-өзі қамтығандар, жалдамалы қызметкерлер жарна алатын 700 мың адамның тек 9-10%-ын құрайды. 

Ұлттық кеңестің отырысында бұл мәселені Президентке айттық. Мысалы, жарнаны қорға төлейтіндердің 40-50%-ының жинақталған ақшасы 1 млн болмайды. Осы ретте "Неге?" деген сұрақ туындайды. Оның бірнеше салдары бар. Біріншіден, "көлеңкелі экономиканың" аясы көп. Екіншіден, жұмыс берушілер конвертпен жалақы береді. Біздің институт Зейнетақы қорына түсіп жатқан жарналар зерделегенде, экономикада орташа айлық 60-80 мың теңге (Арыстанбеков – жарналардың түсуін зерттегенде) болады. Ал Экономика министрлігінің деректері бойынша, мемлекетте орташа айлық жалақы 180-190 мың теңге. Мәселе осында. Сондықтан осыны ескеріп отырып, Президент "көлеңкелі экономиканы" азайту керек деп айтты. Әл ауқаты жағынан төмен қамтылған топтарды бұл тапсырма толық қамти алмайды. Тапсырма берілді, енді ары қарай нақты механизмі болуы керек. Бұл жұмыс Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне тапсырылуы мүмкін, - дейді бағдарлама қонағы.

Қайырбек Арыстанбеков жарналарды алушылар қатарына әлеуметтік аз қамтылған топ та кіруі қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы