500 доллар пара алған шенеунікке 5 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы парақорлық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысының "Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" ММ шетел жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Б.А.Көшімоваға қатысты пара алды деген күдікпен тергеу жүргізді. Ол облыс аумағында еңбек етуге шетел азаматтарына кедергісіз жұмыс визасын беру және ұзарту үшін шетелдік компания өкілінен 500 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелген, - делінген хабарламада.Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Көшімова пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 698 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Үкімге шағым жасалмай заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ең танымал құпия сөздер белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы