Шетелдіктердің Қазақстан аумағында уақытша болу мерзімі қашан аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 маусымда шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болу мерзімі аяқталады (ВАК-тың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен пандемияға байланысты мерзім ұзартылды).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы құрлықтағы және авиациялық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, 15 мемлекетпен (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Корея Республикасы, Украина, Түркия, Египет, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды Корольдігі, Грузия, Черногория, Шри-Ланка) тұрақты әуе қатынасы жаңартылды, - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі шетелдіктерді азаматтығы бар елге кедергісіз қайтару бойынша шаралар қабылдауда, карантиндік шектеулер кезеңінде, оның ішінде онлайн форматта адамдардың елден шығу тәртібін түсіндіру ұйымдастырылды.

Шекара қызметі әкімшілік жауаптылыққа тартуды болдырмау үшін шетелдіктер мен оларды шақыратын адамдарды (2021 жылғы 5 маусымнан кейін күшіне енеді) Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі болуды заңдастыру қажеттігін хабардар етеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы