Шетелдіктер ЖСН-ді Қазақстан елшіліктері мен Сыртқы істер министрлігі арқылы ала алады

Қазақстан 18 сәуірден бастап шетелдіктерге еліміздің шетелдегі мекемелері арқылы жеке сәйкестендіру кодтарын (ЖСН) беруді қайта бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пилоттық жобаға 100 елшілік пен консулдық қатысады.

Қазақстандық ЖСН-ді дипломатиялық өкілдіктер арқылы ала алатын шетелдіктер:

  • әлеуетті инвесторлар;
  • тауарларды таңбалау және қадағалап отыру шеңберінде тауар айналымына қатысушылар;
  • Қазақстан азаматтарының жұбайы болып саналатын шетел азаматтары (АХАТ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы белгі қою үшін);
  • егер ата-анасының бірі Қазақстан азаматы болса, шет мемлекет азаматтарының балалары (16 жасқа толмаған);
  • Қазақстанда мұраны қабылдайтын шетелдіктер;
  • Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары;
  • мүмкіндігі шектеулі шетел азаматтары;
  • 65 жастан асқан шетелдіктер;
  • өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өндірушілер мен тіркеушілер;
  • Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары.

Сонымен қатар өкілдіктердің қызметкерлері ЖСН-ді ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы ала алады.

ЖСН алу үшін өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және оның түпнұсқасын шетелдегі мекемеге алып бару қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы