Шетелдіктер Қазақстанның жер қойнауын барлауға 40 млрд теңге салмақ
Инвестициялар әлеуметтік міндеттемелерді қоса алғанда 7,8 млрд теңгені құрайды, ал алғашқы жаңа кен орындарын ашу 2026-2028 жылдары күтіліп отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның хабарлауынша, шетелдік компаниялар Қазақстандағы геологиялық барлауға кем дегенде 40 млрд теңге инвестиция салмақ.
Қазақстанда қазір Arras Minerals (Tech компаниясында 10% үлесі бар), East Star Resources, Pallas Resources, Sarytogan Graphite сияқты шетелдік компаниялар жұмыс істеп жатыр. Бұл компаниялар барлау жұмыстарына кемінде 40 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, оның ішінде әлеуметтік міндеттемелерге - 7,8 млрд теңге, және бұл тек 25 мың шаршы шақырым аумақтағы жер учаскелеріне қатысты, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, геологиялық барлаудан бастап кен орнының табылуына дейінгі орташа кезең 3-тен 5 жылға дейін созылатынын ескере отырып, алғашқы нәтижелер мен жаңа ашылулар 2026-2028 жылдары күтіліп отыр.
Еске салайық, бұған дейін Геология, инвестиция және барлау саласына қатысты Астанада халықаралық форум басталды.
Сарапшы Орталық Азияның геологиясы бәріне қызық екенін айтты.
Қазақстанда шамамен 4 мың геологиялық барлау лицензиясы берілді.