Шетелдіктер алматылық әйелдің көлігін өртеп жіберді

Полицейлер күдікті ретінде 32 және 38 жастағы екі Әзербайжан азаматын ұстаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті мәлімдеді. 

Қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Күдіктілер Алматыдан қашып кетпек болды. Олардың көлік иесімен таныс екені белгілі болды. Ұсталған азаматтардың айтуынша, әйел уәдесін орындамаған, сол себепті шетелдіктер одан кек алғысы келген. Өрт қоюдың шынайы себебін тергеу анықтайтын болады. Қылмысты жасады деген күдікпен 32 және 38 жастағы екі Әзербайжан азаматы ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев. 

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы