28 Тамыз 2024 2024, 14:45 Фото: скриншот

Шетелдік журналистер қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өткен медиа форумда шетелдік журналистер қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өткен медиа форумда шетелдік журналистер қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Чэндуде "Бір белдеу, бір жол" медиа-ынтымақтастығы форумы өтіп жатыр.

Форумға қатысуға 76 елден 190 БАҚ өкілі келген. Олардың арасында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Пәкістан, Непал, Конго, Бразилия, Чили және басқа да елдерден журналистер бар.

Форум басталар алдында шетелдік журналистер Қазақстанды Конституция күнімен құттықтап, видеоқұттықтау жолдады.