Шетелдік жұмыс күші бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді
Тексеру барысында еңбекақы төлеудегі диспропорцияның 179 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Облыс прокурорлары мемлекеттік еңбек инспекторларымен бірлесіп 2022 жылы шетелдік жұмыс күшін тартатын 30 адамнан астам жұмыскері бар 64 кәсіпорынға тексеру жүргізді, - дейді спикер.
Мониторинг барысында қазақстандық және шетелдік қызметкерлер арасындағы жалақыдағы диспропорция, яғни Алматы облысында «CITIC Constuction» ЖШС-да Қытайдан келген инженердің жалақысы сол лауазымдағы жергілікті маманға қарағанда 2,5 есе көп екені анықталған. Атырау облысында «Фиркрофт Инжиниринг Сервисез Лимитед» ЖШС-де Англиядан келген жоба инженерінің жалақысы сол лауазымдағыжергілікті маманға қарағанда 10 есе көп көп екені белгілі болған.