19 Сәуір 2025 2025, 06:19 Фото: pixabay

Шетелдік туристер өткен жылы Қазақстанда 2,6 млрд доллар жұмсаған

Алыс шетелден келген бір туристің орташа шығыны 1200-1500 АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанға келген шетелдік туристер 2024 жылы 2,6 миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Алыс шетелден келген бір туристің орташа шығыны 1200-1500 АҚШ долларын құрайды.

Ең көп қаржы жұмсаған шетелдік азаматтар төмендегідей:

Қытай — 307 млн доллар

Германия — 56 млн доллар

Түркия — 53 млн доллар

АҚШ — 47 млн доллар

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның туризм саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.