Шетелдік сарапшы: Атом энергетикасы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі

Брюссельде орналасқан еуропалық ядролық өнеркәсіптің сауда қауымдастығы – Nucleareurope-тың ядролық энергетика саясаты жөніндегі директоры Андрей Гойча атом энергетикасының оңтайлы тұстарын атап көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Румыниялық атом инженерінің айтуынша, атом өнеркәсібінің аясында халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге өте жақсы жағдай туындайды.

2019 жылы атом өнеркәсібі Еуропалық Одақта 1,1 миллионнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етті, оның жарты миллионнан астамын жоғары білікті мамандар иеленді. Сондықтан, менің ойымша, бұл жоғары білікті мамандар үшін өте тартымды. Мұнда мен тек ядролық инженерлер туралы ғана емес, сонымен қатар басқа да инженерлер, яғни химиктер, физиктер және т.б. туралы айтып отырмын, - деп атап өтті Андрей Гойча. 

Сарапшының пікірінше, атом энергетикасы парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсаттарына қол жеткізіп, климаттың өзгеруіне жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан қол жетімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы