Шетелдік қонақтар Астана полициясына алғысын білдірді

Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына келген елорда қонақтары туристік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицейлер кеңес беріп және қажетті маршрутты ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар барлық туындаған сұрақтарға дайын жауап береді, бұл қатысушылар мен қонақтардың осындай ауқымды халықаралық іс-шарада өзін жайлы сезінуге ықпал етеді. 

Америкадан келген туристерге полицияның көмегі қажет болды, олар ойындарды тамашалап тұрғанда ұлдарын жоғалтып алған. Туристік полиция қызметкерлері жедел ден қойып, ата-анаға баланы тез табуға көмектесті. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында жағдай оңынан шешілді. 

Мен Америкадан келдім. Біз мұнда көшпенділер ойындарын тамашалау үшін келдік. Біз осында келгенімізге өте қуаныштымыз, алайда мен ұлымды жоғалтып алып, көңілім түсіп кетті, оны қалай табатынымды қатты уайымдадым. Бақытымызға орай, мен ағылшын тілінде жақсы сөйлейтін полицейді кездестірдім. Мен оған жағдайды түсіндіре алдым және ол маған ұлымды табуға көмектесті. Сізге рақмет! – деп елорда қонағы шын жүректен алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы