28 Наурыз 2025, 19:43
Фото: pixabay.com
Шетелдік қонақ Қазақстандағы қызмет көрсету деңгейіне таңқалды
Желіде тараған видеода шетелдік азамат елдегі сервис жайлы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Желіде тараған видеода шетелдік азамат елдегі сервис жайлы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол елордадағы люкс санатындағы қонақүйге тоқтаған, онда қызметкерлер оны ағылшын тілінде еркін сөйлеп қарсы алды. Қонақты бөлмесіне дейін жеткізіп, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетілгенін атап өтті.
Жарияланған жазбада сапалы сервис – елдің айнасы екені айтылған.
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға "Осындайды көргенде, қазақстандықтар үшін мақтаныш сезімі оянады!"
"Міне, біздің жас, білімді ұрпақ! Бүкіл әлем біздің мәдениетіміз бен қонақжайлығымызды білсін!"деген секілді пікірлерін қалдырған.
Көпшілік мұндай мысалдар қазақстандықтарды тіл үйренуге және сервис сапасын арттыруға ынталандыратынын атап өтті.
- Қазақстанның алты өңірінде жүргізушілерге қар жауатыны туралы ескерту жасалды 14:29
- Оман Қазақстанға өз порттары арқылы сауда дәлізін дамытуды ұсынды 14:08
- Алматыда үйлерге жылу қашан беріле бастайды? 14:07
- Барселонада тұрғын үй бағасына қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты 13:58
- Астанада ер адамның саусақтары электр сүргіге қысылып, жарақат алды 13:56
- Арқалықта 35 білім беру қызметкеріне тиісті төлемдер берілмегені анықталды 13:40
- Автосалон директоры клиенттерді 128 млн теңгеге алдады 13:22