Шетелдік көлікті заңдастыру: 36 мың қазақстандықтың өтініші мақұлданды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші аптасы өтті. Бүгінгі таңда 36 мың қазақстандыққа олардың автомобильдерін заңдастыру мақұлданды. 16 мыңға жуық адам өз көліктерін тіркеуден өткізген, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Өтінім беру тәсілдері: электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы; сондай-ақ ХҚКО-ларда қабылданады.

Ал заңдастыруға өтініш берудің бірнеше жолы бар. 

Өтінішті е-gov.kz электронды үкімет порталында Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады. Автокөлікті жария ету үшін өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжат қажет. Нәтиже арнайы базада тіркеледі және 1414 нөмірінен автомобиль иесінің телефонына SMS жолданады. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Егер авто жария етілуге жататын болса, онда алдымен мемлекеттік алымдарды бастапқы тіркеуді, техпаспортқа және мемлекеттік нөмірге баж салығын төлеу қажет. 

Содан кейін автомобиль иесі ХҚКО мамандарына шетелдік техпаспортты және мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттарды тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмірлік белгі беріледі. Бұдан басқа, әр өңірде шетелдік нөмірлері бар көлік құралдарын заңдастыру тетіктерін түсіндіру үшін Call-орталықтар жұмыс істеп тұр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Inbusiness.kz / Алексей Старков
Өзгелердің жаңалығы