Шетелдік дипломатиялық корпус экологиялық акцияға қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты республикалық экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп жыл сайынғы жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Ағымдағы апталық «Жасыл аймақ» атты ұранмен өтіп, ағаш егу мен ағаштарды ақтауға арналған. Экоакцияны 70-ке жуық шетел елшіліктері мен халықаралық ұйымдар қолдады. Бұл бастамаға қатысушылар Астана аудандарын абаттандыруға бірлесе үлес қосты.
Сондай-ақ дипломаттар жүздеген жаңа ағаш отырғызып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысты. Іс-шараға әрбір тұрғын елордамыздың тазалығы мен сұлулығын сақтауға үлес қоса алатынын көрсетіп, азаматтық белсенділік пен қоршаған ортаға қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналды.
Экологиялық акцияға қатысқан ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, игі дәстүрді қолдау білдірген барша қатысушыларға алғысын білдірді. Ұйымдастырылған сенбілік аясында ҚР сыртқы саяси ведомствосының ұжымы да «Астана-Бәйтерек» монументі саябағын және оның іргелес аумағын тазарту шарасына қатысты.