Шетелдік әйелдің пәтерінен 40 кг жуық есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Иран азаматшасынан 39 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінтіді. Оның барысында жалпы салмағы 39 килограмды құрайтын «апиын» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды.
Ақтау қаласының тергеу соты күдіктінің қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.
Аталған факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Антикор қызметкері 7 жылға сотталды
Келесі жаңалық
Қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Өзгелердің жаңалығы