Шетелдік автокөліктерді қалай заңдастыруға болады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айта кетерлігі, Қазақстан азаматтары әкелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, сондай-ақ шетелдік есепке алуды басқару органдары оң жақта орналасқан көлік құралдары заңдастыруға жатады.

Ереже бойынша автомобиль ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте тұрмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобиль кедендік тазартудан өтуі қажет. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, өтініш берудің бірнеше жолы бар. 

Өтінішті е-gov.kz электронды үкімет порталында Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады. Автокөлікті жария ету үшін өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжат қажет. Нәтиже арнайы базада тіркеледі және 1414 нөмірінен автомобиль иесінің телефонына SMS жолданады. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Егер авто жария етілуге жататын болса, онда алдымен мемлекеттік алымдарды бастапқы тіркеуді, техпаспортқа және мемлекеттік нөмірге баж салығын төлеу қажет, - деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол құжаттарды қайда тапсыру қажеттігіне тоқталды. 

Содан кейін автомобиль иесі ХҚКО мамандарына шетелдік техпаспортты және мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттарды тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмірлік белгі беріледі. Бұдан басқа, әр өңірде шетелдік нөмірлері бар көлік құралдарын заңдастыру тетіктерін түсіндіру үшін Call-орталықтар жұмыс істейді, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы