Президент сайлауы – 2019. Шетелдік 227 тілші тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына санаулы күн қалды. ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік тілшіні аккредиттеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жақында шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу процесі аяқталды. Электоралды кезеңде ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Орталық сайлау комиссиясымен (ОСК) бірлесіп шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелерінде тиісті жұмыс атқарылды», - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік тілшіні аккредиттеді. 2015 жылы президенттік сайлауға 168 шетелдік БАҚ өкілі тіркелген болатын. Сонымен қатар, министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген. 

«Шетелдік журналистер сыртқы саяси ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыруға құқылы екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, «Сайлау туралы» Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесіп жүруімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген», - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы