Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ – комитет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді. 

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 019 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 765 адам, анықтамасыз 254 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 852 жолаушы, анықтамамен - 652, анықтамасыз - 200; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 167 жолаушы, анықтамамен - 113; анықтамасыз - 54.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 1 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 150 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы