Шетелден келген қонақтар үшін 6 облыста туристік полиция құрылды – Тұрғымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдындағы есептік кездесуінде шетелден келген қонақтар үшін 6 облыста туристік полиция құрылғанын айтты.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, адамдардың жүріп тұруы – біздің басты мақсатымыз. Ол үшін халықпен тікелей байланысқа түсетін полиция бөлімдерінің жұмысын өзгерттік. Жол-патрульдік полиция патрульдік қызметке ауысты. Профилактиканы күшейту үшін қызметкерлер мектеп, көше, қоғамдық орындарға жіберілді. Шетелден келген қонақтар үшін 6 облыста туристік полиция құрылды. Сондай-ақ халықтың арыз-тілегін уақытында қабылдау үшін сервистік модельге ауысу жүзеге асырылды, – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаев айына бір рет "жолдағы қабылдау" акциясы өткізілетінін айтты. 
Бұдан бөлек еліміз бойынша фронт-кеңселер ірі өңірлер мен қалаларда  ашылды. Құқық бұзу әрекеттеріне жедел әрекет ету бойынша жұмыстар жетілдіріп жатыр. Осы орайда патрульдік полицияға көңіл бөлген жөн. Осы мақсатта көшедегі қызмет жасағын күшейттік.Өткен жылдан бері азаматарды құтқару саласындағы авто-патруль қызметі күшейтілді. Бұл тек азаматтардың ғана емес, қызметкерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы