Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді. 


1 085 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 922 адам, анықтамасыз 163 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 721 жолаушы, анықтамамен - 581, анықтамасыз - 140;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 223 жолаушы, анықтамамен – 202, анықтамасыз - 21;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 140 жолаушы, анықтамамен – 138, анықтамасыз - 2;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері мынадай. 2021 жылдың 10 қаңтарында анықтамасыз келген 372 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы