Шетелден келген 92 жолаушының ПТР-анықтамасы болған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 740 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 648 адам, анықтамасыз 92 адам келді. 

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 279 жолаушы, анықтамамен – 1 207, анықтамасыз – 72; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 222 жолаушы, анықтамамен – 212; анықтамасыз – 10; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен – 229; анықтамасыз – 10. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 

Барлық 92 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы