Шетелден келген 150 жолаушы карантин стационарына жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде халықаралық рейстермен келген 150 жолаушы «Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационарына оқшаулауға алынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

5-нен 6 қазанға қараған түні елордаға шетелден 4 рейс келді. Екі ұшақ Біріккен араб әмірлігінен, қалғаны Түркия Республикасынан. Қалаға барлығы 483 адам шетелден ұшып келді, оның 333-і COVID-19 тестінен өткені туралы куәлікпен келді. Қалған 170 адам анықтамасыз әуежайдан ауруханаға жеткізілді. Олардың 150-і стационарға жатқызылған. Онда адамдар ПТР арқылы зертханалық зерттеулерден өтті. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. 

Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Көктемде біз шетелден келетін жолаушыларды карантин стационарларына орналастырып, сараптама жүргіздік. Сондықтан бұл бағытта елорданың денсаулық сақтау саласы толық дайын. Жалпы, халықаралық рейстер жолаушыларына 800 төсек-орын ұйымдастыруға дайынбыз, – дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қазандағы қаулысына сәйкес, дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.

COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады, теріс нәтижесі барларға COVID-19 белгілері туралы түсіндірме жүргізіліп, үйге жіберіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы