Шетелден Атырауға ПТР анықтамасы жоқ 37 қазақстандық ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті хабарлады.

Атырауға 20 - 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді. Халықаралық әуе рейспен  барлығы 456 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында  шетелдіктер жоқ, барлығы - қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.

Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы