Шетелден анықтамасыз келген жолаушылар ПТР тестілеуден елде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева айтты.

Оның айтуынша, 6 қазаннан бері елге шетелден 44 мыңнан астам азамат келген. Олардың 80 пайызының қолында ПТР тестінің анықтамасы болды. ПТР тестінсіз келген 7,5 мың азамат оқшауланып, сараптамадан өтті. Оның 39 - ынан коронавирус анықталған.

Әуежайға қонған ұшақтың есігін бірінші болып шекара қызметкерлері мен  эпидемиологиялық санитарлық қызмет мамандары ашады. Халықаралық медицианалық санитарлық талап бойынша бортсерік жолаушылардың ұшу кезіндегі денсаулық жағдайынан хабардар болуы тиіс. Ұшақ ішінде науқастанғандар туралы мәлімет солардан алынады. Ал ұшақтан шыққан жолаушылар бірден тарап кетпейді. ПТР анықтамасы бар-жоғы тексеріледі. ПТР анықтамасы барлар әуежайдан шығаралады. Ал анықтамасыз келгендер бірден жедел жәрдем көлігіне мінгізіліп, сараптама жасау үшін орталыққа аттандырылады, - дейді ол.

Дария Әзімбаеваның мәліметіне сүйенсек, анықтамасыз келген азаматтар тестілеуден тегін өтеді және арнайы оқшаулау орнында тегін тамақ пен жатар орынға ие болады.

Оқшаулау орнында олар 12 сағаттан артық болмайды. Өйткені жаңа әдіс бойынша сараптама нәтижесі 6-7 сағатта шығып қояды. ПТР анықтамасынсыз келіп, борттан түсе сала қашуға ұмтылатын азаматтар да кездеседі. Алайда қолымызда олардың мекен-жайы мен жұмыс орны жайлы мәліметтер бар. Олар полиция көмегімен іздестіріліп, ПТР тестінен өтуге мәжбүрленеді, - дейді департамент басшысы.

Оның айтуынша, ПТР тестсіз келетіндердің басым бөлігі шетелде демалған ел азаматтары. Сондай-ақ, егер ата-анасының ПТР тесті оң нәтижелі болса 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді. ПТР тесті ұшып келген уақытты қоса алғанда 78 сағатқа жарамды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы