Шетелдегі қазақтардың елге келуі жеңілдейді

Шетелдегі қазақстардың елге келуі жеңілдейді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында қабылданған Әлеуметтік кодекс жобасында қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне «Ата жолы» картасын беру тәртібі мен негіздерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне «Ата жолы» картасын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға қатысты толықтыру енгізілді, - деді жаңа Әлеуметтік кодекске қатысты баяндама жасаған сенатор Ләззат Қалтаева. 

Айтуынша, жаңа Әлеуметтік кодекске қандастардың Қазақстанмен байланысын нығайтуға жол ашады. Сондай-ақ елде олардың әлеуетін іске асыру мақсатында бизнес-иммигранттарға немесе этникалық қазақтар (басқа елдердің азаматтары) арасында кәсіптері бар адамдарға берілетін «Ата жолы» картасы ұғымы енгізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторлар дауыс беру арқылы екінші оқылымда Әлеуметтік кодекс пен оған ілеспе заңдарды қабылдағаны туралы жазған болатынбыз. 

Дауыс беру нәтижесінде Сенат депутаттары Әлеуметтік кодекс пен ілеспе заңдарды қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: abai.kz
Өзгелердің жаңалығы