Шетелдегі қандастар арасынан педагогтар қауымдастығын құру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова шетелдегі этникалық қандастар арасынан педагогтар мен ғылыми қайраткерлер қауымдастығын құруды ұсынды.
Депутат шетелдегі қандастардың Қазақстанда тегін білім алуына қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
Жұлдыз Сүлейменова шетелдегі этникалық қандастар арасынан педагогтар мен ғылыми қайраткерлер қауымдастығын құруды ұсынды.
Сонымен қатар Абай институты қазақ тілін оқытуға бағытталған интернет портал жұмысын күшейтуді, онлайн форматта Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Балалар әдебиеті бойынша шетелдегі қазақ қауымының тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, әмбебап кітаптар әзірлеуді ұсынамыз, - деді ол.
Одан бөлек, айтуынша, Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ мектептері сақталған Өзбекстанда (370 мектепке) және Моңғолияда (43 мектепке) әдістемелік және ғылыми қолдау қажет.
Бұл мектептердегі мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды қолға алу өзекті. Сонымен қатар Ресей Федерациясының аумағында қазақ тілін оқыту мүмкіндіктерін қарастыруға байланысты білім беру ұйымдарымен жұмысты күшейтуді ұсынамыз, - деп айтты Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы