24 Тамыз 2026, 08:49
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады
61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.
Қазақстан Құрылтайы депутаттарын сайлау аясында шетелде құрылған барлық 79 учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын аяқтады.
61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.
Осылайша, шетелдегі сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 84,4% болды.
Шетелдегі сайлау учаскелері Қазақстан азаматтарының өздері жүрген елде сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін ұйымдастырылған.