Шетелде қалған қазақстандықтарды әкелуге барлық күш-жігер жұмсалады - Air Astana

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana әуекомпаниясы шетелде қалған қазақстандықтарды елге әкелуге барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Ыстанбұлда 500-ден астам жолаушы қалып отыр. Бүгін біздің авиакомпания Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл рейсін жасайды. Ыстанбұлға ұшып шығу уақыты 19:05, ал қону уақыты шамамен 21:25 деп отырмыз. Ыстанбұлдан кері қайту рейсі 22:25 сағатты, елге келу шамамен 06:10 сағатта. Барлық жерлерде жергілікті уақыт көрсетілген, - дейді авиакомпания баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін мыңнан астам қазақстандық турист Түркиядан келе алмай отырғаны хабарланған. Қазақстанның дипломаттары авиажолаушыларға құқықтық, ақпараттық қолдау көрсететін арнайы штаб құрды. 

Бұдан бөлек, Ыстанбұлда тұратын қандастарымыз да өздерінің қолдауларын жасап жатыр. Қазіргі уақытта қазақстандықтар Қазақ-түрік қорының кеңсесіне жайғасқан. Оларға барлық қолдау, көмектер берілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы