Шетелде іздеуде жүрген қазақстандық Армениядан экстрадицияланды

Аса ірі көлемде психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген азамат Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса iрi мөлшердегі психотроптық заттардың, сондай-ақ сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Бұған дейін қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және солтектес–мефедронның заңсыз айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні әшкереледі.

Алайда оған қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалуына байланысты ол тергеуден жасырынғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланған.

Өткен жылдың қыркүйек айында аталған адам Ереванда ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы