Шетелде 4556 қазақстандық демалып жатыр – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемде короновирус пандемиясы өршіп тұрса да, шетелде 4556 қазақстандық демалып жатыр екен. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев айтты.
Қазіргі уақытта жолдамамен 4556 қазақстандық шетелде демалып жатыр. Олар негізінен Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016), Мальдив аралында (2044 адам) жүр. Енді туристерді елге қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туристерді ұшақтармен қамтамасыз етуге біздің қазақстандық екі әуе компаниясы - Эйр Астана мен Скат компаниясы жауапты. Эйр Астана Алматы-Шарм әл-Шейх бағыты бойынша рейсін іске қосуда. Ол рейспен 223 адам қайтып келеді, - дейді Өркен Бисақаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда туристік ұйымдарға жолдаманы қайтару үшін 4 мыңнан астам адам жүгінген
Төтенше жағдай жарияланғанға дейін еліміздің азаматтары шетелге сапарлардан жаппай бас тарта бастады. Біздің мәліметтер бойынша туристік ұйымдарға жолдамаларды қайта тапсыру үшін 4 мыңнан астам адам жүгінген. Ол да туристік компанияларға қиын соғып жатыр. Одан бөлек жеке адамдардың да тап болған негізгі проблемалары – әуе компанияларының әуе билеттерін айыппұлсыз қайтаруы бойынша бас тартуы болып отыр. Бұл мәселе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен талқыланды. Билеттер айпыпұлсыз толық көлемде қайтарылатыны туралы шешім қабылданды, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5526 адам сапарлардан бас тартуы тиіс көрінеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдай: Пойыздар қозғалысына да шектеу қойылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы