Түркістанда салығы төленбеген шетел көліктері тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Атамекен" кеден бекетінде заңсыз өтпек болған 11 бағалы автокөлік тәркіленді.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.


Кедендік бақылау кезінде аталған автокөлік құралдары бұрын Грузиядан шығып, Қазақстан арқылы транзитпен Өзбекстанға өткен. Бұл ретте, шығарылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, аталған автокөліктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен кері қарай қайта енгізу дерегі анықталған.

Тексеру жүргізілгеннен кейін автокөліктерге Қазақстан аумағында кедендік тазарту жүргізілмегені, сәйкесінше, кедендік салықтар пен төлемдерді төлеуден жалтару фактілері тіркелді.

Аталған фактіге қатысты материалдар құқыққорғау органдарына жолданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы