Шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен еліміздің шекарасынан өтпек болған
ҰҚК 18 қаңтарда Түркістан облысының "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенгені үшін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кету керек, 2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 фактісін анықтаған.
2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден астам осындай құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.
ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемде: Трамп жасанды интеллектті дамытуға 500 млрд доллар бөлді, Түркияда бүгін аза тұту күні
Келесі жаңалық
Доллар күрт арзандады
Өзгелердің жаңалығы