Шет елден Қазақстанға келген 39 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанда 1 қазаннан бері шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталғанын айтты.

1 қазаннан бастап 7540 жолаушы ПТР-тест жасау үшін екі күндік карантинге жатқызылды. Оның ішінде 39 адамнан коронавирус анықталды. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларына карантинге жатқызылды, - деді Байғабылов.  
6 қазаннан бастап қаулыға сәйкес шетел азаматтары бортқа ПТР-тестсіз кіргізілмейді. Осы уақытта тест мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы