Коронавирус: Шет елде қалған қазақстандықтар қайда хабарласуы керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Туристтік Қамқор" КҚ туристер құқығына кепілдік беретін жүйенің администраторы қазақстандық туристерді отанға қайтару барысы туралы айтып берді, деп хабарлады Tengritravel.kz

Қазақстан үкіметі шетелдегі азаматтарды шұғыл түрде қайтару туралы шешім қабылдағаны белгілі.  2020 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша 1350 азамат Қазақстанға қайтарылды, 32 турист үшін жеке билеттер сатып алынды. Қалған азаматтардан дүрбелеңге салмауды сұрайды. Жалпы қордан 5914 турист қайтарылу жоспарланған. 

Елдегі төтенше жағдайға байланысты шекаралардың жабылуы, транзиттік аймақтарды жабу, валюта бағамдарының өзгеруі секілді қиындықтар салдарынан жағдайды тез реттеу қиын шаруа. Қазіргі уақытта біз жағдайды бақылауға алуға тырысып жатырмыз, ал туристердің үрейленуіне негіз жоқ, қор отандастарымызды тезірек қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, - деді Қор төрағасы Инна Рей. 

Айта кету керек, бұл қорғау шарасы тек ұшуға дейін туроператор тағайындаған 11-13 сандық туристік коды бар туристерге қатысты. 

Шетелде қиын жағдайға тап болған туристер үшін 8(7172)279112 сенім телефоны жұмыс істейді немесе сайтта "Төтенше жағдайда туристке көмек" нысанын толтыру ұсынылады. 

Қор осыған дейін хабарлағандай, 2020жылдың 16 наурызындағы мәліметтерге сай 4,5 мың қазақстандық шетелде демалыста болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы