Шет елде жүрген азаматтарымыз елге кіре алады – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан шекарасынан шет жұртта жүрген азаматтарымыз елге кіре алады. Ал бүгін енгізілген шектеу тек шетел азаматтарына қатысты болып отыр.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадиров мәлімдеді.

Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады, - деп жазды Айбек Смадияров ведомствоның Telegram каналында.

Айта кетсек, бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізу туралы жарлығы шықты. Ондағы 3-тармақтың 6-тармақшасында Қазақстан Респуликасының аумағына көліктің барлық түрімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер қою туралы айтылған.

Тек бұл шектеу Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелеріне әсер етпейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы