Шешенстанда қарулы жасақ арасындағы атыстан 2 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шешенстанда ерекше мақсаттағы мобильді жасақ (ОМОН) пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) арасында атыс болды. Екі адам көз жұмды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Шешенстандағы Ачхой-Мартан ауылындағы дәмхана жанында ЕММЖ және ЖҚАЖ қызметкерлері арасында атыс болған. Соның салдарынан екі адам қайтыс болған. Біреуі - Ресей гвардиясының қызметкері болса, екіншісі – азаматтық тұлға. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны анықталуда, – дейді агенттікке сұхбат беруші.
Оның айтуынша, атыс себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тіл үйрену арқылы тәжірибе алмасады
Өзгелердің жаңалығы